Семейдің бас жоспарына сәйкес қала жеті аймаққа бөлінді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласы жеті аймаққа бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһарды аймаққа бөлуді бекіту туралы жоба Жер қатынастары бөлімімен әзірленіп, Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданған. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында аталған бөлім басшысы Құдайберген Сейілханов айтып берді.

«Жерді аймаққа бөлу – бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскесіне төленетін базалық мөлшерлемелерге түзету коэффиценттерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қазіргі уақытта Семей жеті аймаққа бөлініп отыр. Олардың саны бірнеше ұқсас аймақтарды біріктіру жолымен 38-ден жетіге азайтылды», - деді ол.

Қаланы аймаққа бөлу Семейдің бас жоспарына сәйкес жасалған. Осы ретте, шаһар орталығынан алшақтығы, инфрақұрылымы, абаттандырылуы және экологиялық жағдайы ескерілген.


Соңғы жаңалықтар