Семейдің 5 ауданын су басу қаупі төнді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейлік құтқарушылар бүгін су басу қаупі төнген 5 ауданды еріген қар суынан тазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауа райының күрт жылынуына байланысты қаланың шет аудандарындағы қар суы еріп, тұрғындардың ауласына жеткен. Алайда төтеншеліктер мен жергілікті билік өкілдері су басу қаупін дер кезінде қолға алып үлгерді.

Су басу қаупі Лесная, Аэропорт, 6-шы, 12-ші Загородная жəне Шығыс кентіндегі 4-ші саяжайдағы жеке сектордағы тұрғынүйлерге төнген. Кей аудандарғы еріген қар суы 50 см дейін жеткен.

Тұрғындардың қоңырауынан кейін қауіпті аудандарға арнайы құтқару тобы жіберілді. Мамандар бірнеше сағаттың ішінде суды айдау жұмыстарын жүргізіп, қауіп сейілді.

«Төтенше жағдайларды алдын алуға 22 қызметкер мен 10 мотопомпа жəне жергілікті биліктен 8 адам мен 1 мотопомпа жұмылдырылды»,-делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бүгінге дейін ​ 9 мың текше метр еріген қар суы тартылды.

Соңғы жаңалықтар