Семейді дамыту жоспары: әлеуметтік нысандар құрылысы - басты назарда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде 2025 жылға дейін қаланы дамытудың кешенді жоспары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметінше, жоспарда Семейді дамыту мақсатында тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау, жол жөндеу, энергетика, білім және денсаулық сақтау салалары бойынша 56 жоба қарастырылған.

Жалпы шаһарды дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға 260 млрд теңге бөлінбек. Алайда облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен жоспарға өзгерістер енгізіліп, қосымша бөлінген қаражат бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жұмылдырылады.

«Өкінішке қарай, жеке инвесторлар бастамашы болған кейбір нысандарда жұмыстар аяқсыз қалды. Осыған байланысты комиссия және 10 басқарма басшысы қалаға келіп отыр. Олар тексеру жүргізіп, тиісті іс-шара жоспарын пысықтайды. Екі күн жұмыс істеп, нәтижесі дүйсенбі күні облыс әкіміне баяндалады. Жалпы, жоспарда қарастырылған 56 шараның бүгінгі таңда 10-ы аяқталды. Қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.


Соңғы жаңалықтар