Семейден қажылыққа 15 адам аттанады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Мұсылманның бес парызының бірі - қажылық міндетін орындауға Семейден 15 адам  аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасиетті сапарға баруға ниет танытқандар Қазақстаннан 13-15 тамыз аралығында тасымалданады. Оның жетеуі ҚМДБ жанынан құрылған қажылық компания көмегімен, ал қалғаны басқа туристік фирмалармен жетеді. Исламның бес парызының бірін өтеуге аттанатын жамағат алдымен әзірлік курсынан өткен. Семейдің Қос мұнаралы орталық мешітінде қала бойынша қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы 2 рет апталық қажылық курсын ұйымдастырып, дәрістер өткізген. Шілде айында басталып, тамыздың басына дейін жалғасқан дәріс барысында қажылыққа баратын жандарға қажылық шарттары мен ережелері түсіндірілді. 

 «Курс барысында тауап қалай жасалатынын, сафа мен маруа арасында қалай жүру керектігін, ихрамға кірген соң не нәрсеге мұқият болу керектігін, қасиетті мекендегі құлшылықтарды қателеспей жасау үшін дәрістер оқылды»,-дейді  Семей аймағы бойынша қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы.  

 

null 

Соңғы жаңалықтар