Семейден бір күнде 150 тоннадан астам қоқыс шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Семей қаласынан Жаңа жыл мерекесі кезінде қордаланып қалған қоқысты шығаруға қалалық әкімдік ұйтқы болды.

4 қаңтар күні ғана полигонға 151,71 тонна түрлі қалдықтар шығарылды. Оған 12 қоқыс тасығыш техника, 8 Камаз, 4 жүк салатын көлік жұмылдырылды. «Семей» МҚК-нан қоқыс шығаруға 30-дан астам адам қатысты.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді»,-деді әкімдік өкілдері.

Айта кететін мәселе, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, полигонда алдымен өңделмеген қалдықтарды тастауға тыйым салатын Экологиялық кодекс нормалары күшіне енеді. Бұл дегеніңіз қызмет көрсетуші қоқысты сұрыптап, болмаса оны сұрыптау жөнінде фирмамен келісімшарт жасап, GPS арқылы көліктің қозғалысын бақылап отыруы қажет дегенді білдіреді. Алайда билік тарапынан бірнеше мәрте ескертіліп, талқылаулар өткендігіне қарамастан қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдаушы кәсіпорындар дайындық жұмыстарын жүргізбеген. Ал полигон басшылығының сұрыпталмаған қоқысты қабылдауға құқы жоқ. Осылайша, өз жұмыстарын талапқа сай атқара алмайтын ұйымдардың кесірінен қоқыстарды шығару жұмыстары тоқтатылды.

Қала әкімі Ермак Салимов талапқа сай қызмет көрсете алмайтын ұйымдардың қоқыстарын шығарып тастап, жағдайды бақылауда ұстауды міндеттеді.

«Тиісті заңнама талаптарын сақтай алмайтын фирмалар бұл жұмыспен айналыспайды»,-деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар