Семейдегі жылыту қазандықтары қайта жаңартуды қажет етеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы жылыту қазандықтары қайта жаңартуды қажет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Алмат Ақышовтың айтуынша, шаһардағы жылумен қамту объектілерін жөндеу бойынша жұмыс жоспары бекітілген. Соның нәтижесінде 2023 жылға дейін жылу мәселесі түбегейлі шешімін таппақ.

«Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен «35 квартал» қазандығын, жылу пункттерін және «103-103А» қазандығын жөндеуге қаражат бөлінді. Тиісті байқаулар жарияланды. Сондай-ақ 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлық жөндеу жұмыстарының кестесі жасалды», - деді ол.

Сарапшылардың сөзінше, жылыту қазандықтары қайта жаңартуды қажет етеді. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аталған басқарма басшысына, Семей қаласының әкіміне, «Теплокоммунэнерго» мекемесіне және өзінің орынбасары Бақытжан Байахметовке гидравликалық режимді егжей-тегжейлі зерделеу үшін бригада құруды тапсырды. Аймақ басшысы атап өткендей, мәселе жоғары температураның жетіспеушілігінде емес, қысымның төмендеуінде.

Соңғы жаңалықтар