Семейдегі жылу мәселесі: Үйлерге жылу бару үшін тағы бір қазандық іске қосылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы шағынаудан тұрғындарының шағымынан кейін үйлерді жылыту үшін тағы бір қазандық іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейдегі шағынауданда жылудың азаюына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Соңғы екі күнде «Қарағайлы» шағынауданындағы тұрғындардан жылу жүйесі туралы толассыз арыз-шағымдар келуде. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда. «Теплокоммуэнерго» МКК мамандары үйдің құрылысын жүргізген мердігер компаниямен бірлесіп, жылу жүйесін тексеру бойынша жұмыстар жүргізді. Осы шағынауданды жылумен жабдықтау көзі – 3 аудандық қазандық», - дейді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қарағайлыдағы №42А үйдің жылуын тексеру кезінде жертөледегі 2 жылу алмастырғыштың тек біреуі жұмыс істеп тұрғандығы анықталды. Жылу жүйесін қалыпқа келтіру үшін істен шыққан екінші жылу алмастырғыш қайта қосылды. Сонымен қатар «Теплокомунэнерго» МКК үйлерді жылыту үшін қосымша тағы бір қазандықты іске қосқан.

Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі шағынаудан тұрғындары пәтерде жылудың азайғанына шағымданғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар