Семейдегі жылу мәселесі: Ақау жойылып, жылу тұрақты беріліп жатыр

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданындағы үйлерде жылу мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірнеше күн бұрын «Қарағайлы» шағын ауданы тұрғындары үйлерінің салқын екенін айтып шағымданған.

Анықталғандай, бұған жертөледегі жылу пунктерінен ақау шығуы себеп болған.

Осыған орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен №3 жылыту қазандығы арқылы жылу қуаты арттырылып, жертөледегі ақау жойылды.

Қазір жылу тұрақты беріліп жатыр.

«Алайда бірнеше үйдің тұрғындары қабырғаларында жарықшақтар пайда болып, терезелерінде қырау қатып тұрғандығы туралы айтуда. Бүгін Семей қаласының құрылыс бөлімінің техникалық қадағалау сарапшысы және «ТеплоКоммунЭнерго» МКК жылу инспекциясының өкілдері Қарағайлыдағы үйлерге техникалық тексерістер жүргізеді. Техникалық қорытындылар жасалғаннан кейін үйлерді тұрғызған мердігер компаниялар анықталған кемшіліктерді жояды», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар