Семейдегі су тасқыны: Зардап шеккендер көмек сұрау үшін қайда хабарласу керек?

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығындары есептеліп жатыр. Бұл туралы азаматтық қорғаныс қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір қалада су тасқыны келтірген материалдық шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғындарға шығынды өтеуге қатысты сұрақтар бойынша Семей қаласының ТҮКШ бөліміне хабарласу қажет. Мекенжайы: Достоевский көшесі 110. Байланыс нөмірі: 110 немесе 8 /7222/ 52 - 26- 84.

Сол сияқты мал басы шығынының келуіне байланысты Семей қаласының ветеринария бөліміне хабарласуға болады.

Семей қаласы əкімінің қаулысына сəйкес, 99 наурыз күні жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар