Семейдегі су тасқыны: Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде тағы бірнеше ауданды су басып, 75 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы уақытта Лодочная және Затон аудандарын, Бобровка кентін, Краевая көшесін су басып жатыр. Қазір Краевая көшесінен - 41, Бобровка кентінен 34 адам эвакуацияланды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда, оған 7 техника мен қалалық ІІБ-нің 24 қызметкері жұмылдырылды. Тасқын сумен күрес іс-шаралары жүргізіліп, су айдайтын техникалар жұмыс жасауда.

«Қазір Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аяқталса жағдай қалыпқа келеді. Тұрғындарды эвакуациялау жалғастырылуда. Барлығы бақылауда. Қажетті шаралар қолға алынды. Тұрғындарды сабырлыққа шақырамыз», - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев. 

Соңғы жаңалықтар