Семейдегі сәулет бөлімінің басшысы пара алу күдігіне ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелуде екені айтылды.

Ол жерге орналастыру жобасына қол қойғаны үшін азаматтан 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Шенеунікке қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және келу туралы келіп түскен міндеттемеге байланысты қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Соңғы жаңалықтар