Семейдегі орман өрті: жедел жәрдем бригадалары мен резервтік төсектер әзір

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында орман алқабы аумағында өрттің таралуы және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайда медициналық алғашқы көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадалары ұйымдастырылып, стационарларда резервтік төсектер дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, орталық аудандық аурухананың пациенттері Бородулиха ауылынан Жезкент кентіне және Семей қаласының СМКА көп бейінді стационарына көшірілді. Медициналық техниканы эвакуациялау дайындалуда.

Көміртегі тотығымен улану салдарынан ес-түссіз жатқан 39 жастағы ер адам ауырлығы орташа дәрежеде Семей қаласының БОМ-ға жеткізілді және оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Қатты түтін пайда болған елді мекендер аймағында халық толығымен эвакуацияланды. Каштак ауылына Семей қаласынан екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді, Семей қонақ үйінің жанындағы эвакуациялық пунктте ЖМК бір бригадасы кезекшілік етеді. Барлық эвакуацияланған пациенттер Семей қаласының медициналық мекемелеріне жатқызылады, бұл үшін ЖМК қосымша бригадалары орналастырылады.

Бүгін Абай облысына Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник келді.

Облыста ТЖ жағдайында барлық деңгейдегі қажетті медициналық көмек көрсетуге толық дайындық бар.

Өрттің таралу қаупіне байланысты Семей қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялағанын естеріңізге сала кетейік.


Соңғы жаңалықтар