Семейдегі орман өрті: 70 полиция қызметкері 20 техникамен патрульге шықты

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысы полиция департаментінің жеке құрамы өңірдегі өрттерді оқшаулау кезеңінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

Полиция департаменті жеке құрамы тұрақты орналасу пункттерінде дайындық жағдайында болды.

«Патрульге 70 полиция қызметкері, сондай-ақ 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдай аймағында эвакуацияланған тұрғындардың материалдық құндылықтары мен жеке мүлкін қорғау бойынша топтар құрды.

Жергілікті аймақтарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимін, азаматтар мен көлік құралдарының келу және кету тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп жазды ІІМ.

Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жол берілмеген.


Соңғы жаңалықтар