Семейдегі мектептердің біріне «бомба қойылды»

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде мектеп ғимаратына бомба қойылды деп жалған ақпарат берген азамат ұсталды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек,  кеше кешкісін белгісіз тұрғын «102» нөміріне хабарласып,  қаладағы №28 орта мектеп ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған.  Ұстаздар мен оқушыларды дүр сілкіндірген дабыл сабақ кезінде қағылған. Хабарды естіген бойда далаға бет алған оқушылар мен ұстаздар тіпті ұялы телефондары мен сөмкелерін алып үлгермеген. Киімсіз далаға шыққан  оқушылардың жартысы  № 37 мектеп-гимназиясына, қалған оқушылар қалалық Мәдениет сарайына орналастырылған. Кейін ата-аналары келіп алып кетті.  

«Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат таппады. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түсті» делінген хабарламада. 

Азаматтың психикалық ауруға шалдыққан болу мүмкін. Қазір үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.  
null 

Соңғы жаңалықтар