Семейдегі мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ақпарат орталығының дерегінше, бүгінде Семейдегі 60 мектепке дейінгі мекемеге 6 мыңға жуық бала барады. Онда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған. Балабақшалар түгелдей бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

«Мектепке дейінгі мекемелер штаттық режимде жұмыс істеуде. Біздің балабақшада 285 бала бар. 12 топ өз жұмысын жалғастыруда. Тәрбиешілер мен педагогтар жұмысты жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырады. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында балабақшаға 74 бейнекамера қойылған. Сондай-ақ ата-аналар мен балабақшаға келушілерге ыңғайлы болу үшін бейнедомофон орнатылған», – дейді №8 «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмағалиева.

Айта кетейік, бейнежазбалар жедел басқару орталығына беріледі. Оны білім бөлімінің өкілдері де көре алады. Жазба 90 күннен артық сақталады.



Соңғы жаңалықтар