Семейдегі медициналық мекемелерге жеке қорғаныс құралдары мен экспресс-тесттер жеткізілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы медициналық мекемелерге жеке қорғаныс құралдары мен экспресс-тесттер жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы аптада Шығыс Қазақстанға Қытайда сатып алынған медицина бұйымдары жеткізілді. Салмағы 14 тоннаны құрайтын жүкте 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныс костюмі, 80 мың респиратор, 10 мың дана қорғаныс маскасы болған.

- Біздің облыс қысқа мерзімде қытайлық әріптестермен ынтымақтастық орнатып, қажетті медициналық тауарларды сатып алды. Бұл бұйымдар мен арнайы құралдарды сатып алу және тасымалдау «Парыз» қоғамдық қоры есебінен қаржыландырылды, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінде экспресс-тесттер, қорғаныс костюмтері, көзілдіріктер, бетперделер мен қолғаптар Семей өңіріндегі медициналық мекемелерге жеткізілген. Жеке қорғаныс құралдары дәрігерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін қажет. Мамандардың айтуынша, Ухандағы ақ халаттылар дәл осындай қорғаныс костюмдерімен жұмыс істеген.

Айта кетейік, қорғаныс құралдарымен облыстың инфекциялық, провизорлық және обсервациялық стационарлары да қамтамасыз етілмек.


Соңғы жаңалықтар