+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Семейдегі Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні алынып тасталды

2019 жылғы 4 қараша 12:51
Бөлісіңіз:
Семейдегі Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні алынып тасталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде көптеген ағаш мүсіндер бар. Солардың ішінде Жеңіс саябағында тұрған Мәншүк Мәметованың ағаштан жасалған мүсіні қоғам наразылығын тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде бұған қатысты «Бізде талантты суретшілер көп емес пе? Олар қайда жүр? Суретшілер кеңесі, эскиздер қайда? Бұл жобаларды кім бекіткен?», «Мұны жаңа жылда балабақшалардың біріне жалмауыз кемпір кейіпкері ретінде қоюға болады. Бұл саябақта тұруы тиіс емес», «Бұл кімнің қаражатына жасалған? Кәсіпкер ақша бөлген бе?» деген сияқты наразылық сипаттағы пікірлер жазылды.

Осы жағдайға байланысты Семей қалалық әкімдігіне хабарласып, мән-жайды сұрадық.

«Ағаш мүсін саябаққа сенбі күні, яғни 2 қараша күні қойылды. Ол қала тұрғындарының да, әкімдіктің де көңілінен шыққан жоқ, сол себепті оны орнынан алып тастадық», - дейді Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов.

Оның айтуынша, сол саябақтағы кесілуі керек ағашты түбімен алып тастамай, мүсін жасау туралы идея пайда болған.

«Бізде мұндай тәжірибе болған. Қаладағы Абайдың ескерткішінің жанына ағаштан ойып домбыра, қобыздың мүсінін жасаған болатынбыз. Осы жолы Әлия Молдағұлова немесе Мәншүк Мәметованың мүсінін жасап көрейік дедік, бірақ ол сәтсіз шықты. Келесі жылы Жеңістің 75 жылдығына орай Жеңіс саябағы толық реконструкцияланады. Ол жерде бұл мүсіннің тұруына қисын жоқ, сол себепті алып тастадық», - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT