Семейдегі көпқабатты үй аулаларының 90%-ның тозығы жеткен

None
Фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы көпқабатты үй аулаларының 90%-ның тозығы жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл Семейде 70-ке жуық көпқабатты тұрғын үй ауласының аумағы абаттандырылмақ. Қазіргі таңда 343 квартал мен Глинки көшелеріндегі аулаларда жөндеу жұмыстары басталды.


Шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов мердігерлермен бірге құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

«Аулаларды жаңартпас бұрын, жер астындағы желілерді ретке келтіру керек. Себебі басты мәселе абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін туындауы мүмкін. Мердігерлер жұмыстардың сапалы жүргізілуіне мән берулері тиіс», - деді әкім.

Айта кетейік, Семейде барлығы 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Жыл сайын аулаларды кезең-кезеңімен жөндеу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар