Семейдегі көлік базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында көлік базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мәйіттің табылуы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 001-бабы 1-бөлігіне (кісі өлімі) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 66 жылқы ұрлаған ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар