Валюта бағамдары:
    usd/kzt 457.7 eur/kzt 492.81

    rub/kzt 6.49 cny/kzt 67.49
Ауа райы:
Астана-12-14℃
  Jańalyqtar  >

Семейдегі кәріз-тазарту жүйелерінің 75% күрделі жөндеуді талап етеді - Серікқали Брекешев

2022 жылғы 3 желтоқсан, 21:10

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласы мен Курчатов қалаларындағы кәріз-тазарту жүйелерінің 75 пайызы тозған. Бұл туралы Абай облысының тұрғындарымен кездескен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Семей қаласы мен Курчатов қаласының кәріз-тазарту құрылыстары 75 пайызға тозған. Олар өз кезегінде күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қажет етеді. Бұл үшін көп қаржы қажет. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар экологиялық төлемдерден түсетін қаражатты осы мақсаттарға пайдалана алады», - деді министр.

Мәлім болғанындай, Абай облысындағы 170 қоқыс полигонының тек бесеуі ғана экологиялық-санитарлық талаптарға сай келеді. Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұл – өте төмен көрсеткіш.


Автор:

Әлихан Асқар

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары