Семейдегі ішкі жолдардың 50 пайызы жөндеуден өтеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында келесі жылы қала ішіндегі жолдардың 50 пайызы жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Өскеменде жол-көлік инфрақұрылымын дамытудың бірінші кезеңі аяқталуда. Осыдан төрт жыл бұрын ойға алған жоспарларымыздың барлығы орындалды. Қазір «Алматы-Өскемен» тасжолына шығатын І.Есенберлин көше жолының құрылысын аяқтап қалдық. Самар күрежолына бағыт алатын Қ.Сәтпаев көшесінің құрылысы мәресіне жетті. Понтон көпірінен Меновное ауылына дейінгі жолды жөндеу біршама созылып кеткені рас. Есесіне аталмыш елді мекеннің ішіндегі жүру бөлігі кеңейтілді», - деді ол. ⠀

Аймақ басшысының айтуынша, 2022 жылы Семейдің көшелерін күрделі қайта жаңарту қолға алынбақ. Қала ішіндегі жолдардың 50 шақырымы жөнделеді. Сондай-ақ айналма жол құрылысына баса мән беріледі.

«Тағы бір маңызды жоба – Шемонаиха ауданындағы көпірді қайта жаңарту. Қазір бұл көпірден өту көпшілікке қиындық тудыруда. Жаңартылғаннан кейін мәселе толық шешімін табады. Бұл реконструкциялау жобасы айрықша маңызы бар «Алматы-Өскемен-РФ шекарасы» жолына шығатын транзиттік бағыттың бір бөлігі. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларында және басқа да елді мекендерінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде», - деді Даниал Ахметов.


Соңғы жаңалықтар