Семейдегі ет консервілеу комбинатында өрт тұтанды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей ет консервілеу комбинатының аумағында өртке оранған ғимараттан 50 литрлік газ баллоны және 3 ацетилен баллоны дер кезінде сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс аптасының соңында Семей қаласының «101» қызметінің пультіне Краснознаменная көшесінде өрт тұтанғаны туралы хабар келіп түсті. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер Семей ет консервілеу комбинатының аумағында оқшау тұрған, қазір пайдаланылмайтын 5 қабатты ғимаратта (бұрынғы тоңазытқыш цех) қабаттардың арасындағы ағаш құрылымдар, бөлмелердің арасындағы қабырғалар өртеніп жатқанын анықтады.

Оқиға орнында жедел штаб және екі шұғыл учаске жасақталды. Тілсіз жаумен күрес кезінде өрт сөндірушілер ғимараттың ішінен 50 литрлік газ баллоны мен 3 ацетил баллонын дер кезінде сыртқы шығарып үлгерді.

Жалын 180 шаршы метр ауданды шарпыған. Өртті сөндіруге 58 адам және 9 техника жұмылдырылды.

Оқыс оқиғаға өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар