Семейдегі «Ертіс» стадионының орнына мектеп салынбақ

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы «Ертіс» стадионының орнына мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта стадион жеке кәсіпкерге тиесілі.

Семей әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, әзірше стадион мемлекет үлесіне алынбады. Осыған орай меншік иесінен жерді қайтарып алу мәселесі қарастырылуда.

«Меншік иесінің жерді жалға алу мерзімі 2024 жылы аяқталады. Соған дейін стадион жұмыс істей береді. Қазір жер учаскесін қайтарып алу шарасы жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажет. Жобалау процесі аяқталған соң ғана тиісті қаржы бөлініп, мектеп құрылысы басталады», - деді Димитрий Гариков.

Алайда меншік иесі бұған қарсылық танытуда. Өз сөзінде ол стадионды сақтап қалғысы келетіндігін жеткізген. Әкімдік пен кәсіпкер арасында келіссөздер жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар