Семейдегі балабақшаларды Қыдыр ата аралап жүр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Наурыз қарсаңында Семей балабақшалары мерекелік ертеңгіліктер өткізуде. Қаланың мектепке дейінгі мекемелеріне алғаш рет Қыдыр ата келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Қыдыр ата балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, бүлдіршіндерге өз батасын берді.

«Балалар Қыдыр ата келгенде қатты қуанды, - дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина. - Ертеңгіліктер қызықты әрі танымды өтіп жатыр. Қыдыр ата балаларға наурыз туралы, шашу мен бата сияқты қазақ әдет-ғұрыптары жайлы әңгімелейді. Көптеген балалар Қыдыр ата мен салт-дәстүрлер туралы жақсы біледі екен. Бұл бізді бізді қуантты».
null

Қыдыр ата күніне екі балабақшаға барады. Жалпы 21 наурызға дейін 20 мектепке дейінгі мекемені қамту жоспарланып отыр. Қыдыр атаның рөлін қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген зейнеткерлер ойнайды.
null

Айта кетейік, биыл Семейде Наурыз тойы бір аптаға созылады. Ұлыстың ұлы күні наурыздың 14-де Ертістің жағасында басталды. Мереке 21 наурызға дейін жалғасады. Ал 22 наурыз күні көктем мерекесі қаланың 5 алаңында тойланады. Дәстүр бойынша басты жиындар орталық алаңда өтпек.

null

Соңғы жаңалықтар