Семейдегі «Абай Арена» кешені жоспардан бұрын пайдалануға беріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі "Абай Арена" құрылысы белгіленген мерзімнен бұрын пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде құрылысы қарқынды жүріп жатқан мəдени-спорт кешеніндегі жұмыстар кестеден бұрын жүргізілуде. Құрылыс алаңында күніне 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Нәтижесінде кешен осы жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдалануға берілмек.

"Арена құрылысы белгіленген кестеден алда келе жатыр. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Яғни біз нысанды мерзімнен бұрын алуды жоспарлап отырмыз", - деді Семей қаласының əкімі Ермак Сәлімов.

Сонымен қатар қала әкімі шағын ауданда несие жүйесі бойынша көп қабатты тұрғынүйлер пайдалануға беріліп, пәтер иелері біртіндеп қоныстанатынын атап өтті.

"Осы жазда абаттандырумен белсенді айналысамыз. Бәрін қайта қазбас үшін жол құрылысын соңына қалдырдық. Бүгінгі таңда шағын аудан халық арасында сұранысқа ие екенін айтқым келеді", - деді қала басшысы.

null

Естеріңізге сала кетейік, жаңа шағын аудан қарағайлы орманның жанында орналасқан. Келесі айда​ ауданда мұз сарайының құрылысы басталады.

null null null null

Соңғы жаңалықтар