Семейдегі «Абай арена» кешені биыл қолданысқа беріледі

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде Қарағайлы жаңа шағын ауданында 5 мың орындық «Абай Арена» мәдени-спорттық кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

2017 жылы құрылысы басталған мәдени-спорттық нысан үш блоктан тұрады. Бүгінде бірінде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатса, үшінші блоктың қасбеті 50 пайызға аяқталды.

«Үшінші блоктың ішіндегі әрлеу жұмыстары қыста басталды. Кешенді жылумен жабдықтау сол кезде аяқталған болатын. Бірінші және екінші блоктардың шатыр бөлігіндегі жұмыс толығымен бітті»,-деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.
null

Нысанның құрылысына 8 компанияның 200-ден астам адамы тартылған.

Мердігер ұйымдарға және тапсырыс берушілер қазір жүктелген жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес жүргізуде.

Заманауи талаптар бойынша бой көтеріп жатқан нысанда инженерлік коммуникациялар, вентеляция, жылыту жүйесі, бассейнге су беруге қажетті құрал-жабдықтар соңғы технологиялар бойынша орнатылуда. Нысан осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

null

Соңғы жаңалықтар