Семейде зираттар жанып кете жаздады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде орын алған өрттен зираттар жанып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілшсіз жау Знаменск трассасының 6-шы шақырымында кешкі сағат 17.32-де тіркелген. Құрғақ шөптен шыққан өрт ағаш кресттерді, орындықтарды, үстелдерді, қоршауларды және мүрде конструкцияларды жалмаған. Жалпы аумағы 500 шаршы метр. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен жарты сағат арпалысты.

«Өртті сөндіруге екі автоцистерна және жеті қызметкер жұмылдырды. Өрт 1,5 сағаттан кейін толық сөндірілді. Қазір оның шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік жыл басынан бері Семейде 245 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 8-і дала өрті.

Соңғы жаңалықтар