Семейде жылуға қарыз борышкерлерге «жаза» қолданылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде тұтынушылардың жылу үшін қарыздарын жинау мақсатында борышкерлермен күрес күшейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін «Шығысэнерготрейд» мекемесінің қызметкерлері сот шешімі шыққан  50 абонетті  жарықтан ажыратты.   

Үш жыл бұрын Семей қаласы әкімі Ермак Сәлімовтің  бастамасымен  «Шығыс энерготрейд» және «Жылукоммунэнерго»  мекемесі  басшыларымен бірге екі мекеме қызметі  үшін қомақты қарызы бар тұрғындармен мәселені шешу мақсатында арнайы  жоба жасалған болатын. Бүгінгі күні жоба аясында  борышкерлермен күрес күшейтілуде. Себебі,  бірнеше жыл алған коммуналдық қызметі  үшін қарызын қайтаруға асықпайтын тұрғындар көп.

Қазірде жылу беру мекемесі борышкерлер ісін сотқа беріп, тіпті сол арқылы мүлік тәркілеуге дейін баруда. Ал бүгінгі рейд барысында соттың шешімі шыққан  50 борышкер абонет электр жарығынан ажыратылды.

«Қазіргі кезде Семей қалалық сотында  130 млн теңгеден асатын сомаға  2500 іс орындалу үстінде. Бұл факті бойынша жеке сот орындаушысы мен «ВК РЭК» қызмекерлерінің  қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүргіілуде. Осылай күштеп қайтармасақ ерікті түрде келіп қарыз төлейтін тұрғындар жоқ.  Борышкерлерді электр энергиясы желісінен  ажырату  кажетті шара болып отыр»,- деді «Жылукоммунэнерго» өткізу басқармасы басшысы Гауһар Жетпісбаева.

 Аталған шешім сот талқылаулары аясында қабылданды.

«Бұған дейін борышкер тұрғындар жылудан ажыратылған. Бірақ олардан  қулық арылмайды. Өйткені көршілері арқылы жылуды заңсыз тартып алатындар бар», - дейді мамандар.

Сондықтан электр жарығынан ажыратуға мәжбүр. Енді тұрғындар жарықты қосу үшін алдымен жылудың ақысын және сот орындаушылардың шығынын төлеуі тиіс.

Бүгінгі күні тұрғындар арасындағы ең көп қарыз мөлшері 400 мың теңге.

 
Соңғы жаңалықтар