Семейде жылу желілерінің 62 пайызы тозған

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жылу желілерінің 62 пайызы тозған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл Семейде жылыту маусымы 29 қыркүйек күні басталған.

Білім нысандарының 73 пайызы, медициналық мекемелердің 85 пайызы жылуға қосылды.

Тұрғындардың жылу беру мекемесі алдында 73 млн теңге қарызы бар.

«Жылукоммунэнерго» МҚК басшысы Серік Түленбергеновтің айтуынша, осы аптаның аяғында Семей қаласы жылуға толық қосылады деп жоспарланған.

- Қазіргі таңда қаладағы нысандардың 95 пайызы жылуға қосылуға дайын. Жылу желілерінің 62 пайызының тозығы жеткен. Соған қарамастан, қыста тұрғындардың жайлылығы үшін бар жағдайды жасауға тырысамыз, - деді ол.



Соңғы жаңалықтар