Семейде жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту керек - Тоқаев

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті.

Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар