Семейде «Жыл таңдауы-2021» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «Жыл таңдауы-2021» жастар сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһардағы Неке сарайында «Жыл таңдауы-2021» жастар сыйлығының салтанатты марапаттау шарасы өтті. Үздіктер он номинация бойынша анықталған. Оның ішінде «Үздік студент», «Үздік журналист» және «Үздік отбасы» сынды номинациялар бар.

«Шара қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өтті. Ондағы мақсат – осы жылы түрлі салаларда үздік нәтиже көрсеткен жастарды марапаттау. Биыл қала әкімінің сыйлығына 50 өтінім түсті. Жеңімпаздар комиссия шешімімен дауыс беру арқылы анықталды», - деді Семей қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай.

Қатысушылардың сөзінше, осы шараның маңызы зор. Бұл жастардың жаңа жетістіктерге ұмтылуға деген ынталарын арттырып, шабыт сыйлайды.

Айта кетейік, жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды. Марапаттау рәсіміне қала әкімі Бақытжан Байахметов қатысты.


Соңғы жаңалықтар