Семейде жыл сайын үздік көше анықталатын болады

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жыл сайын «Үздік көше» акциясы өткізіліп, жеңімпаз болған көшеге ойын немесе спорттық алаң салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде шаһар бойынша «Көшелерді қамқорлыққа алу» жобасы іске асырылуда. Бұндағы мақсаты – Семей көшелерін аббаттандыру және тазалықты қамтамасыз ету. Енді осы жоба аясында жыл сайын «Үздік көше» акциясы өткізіледі. Бұл жайлы қала әкімі Бақытжан Байахметов мәлім етті.

«Бұл жаңа бастама емес. Осындай шаралар бұрындары да жүргізілген. Біз сол жұмысты жандандырғымыз келеді. Мен бюджеттік мекеме басшыларына хат жолдадым. Олар акцияны қолдап, қатысуға ниет білдірді. Қандай да бір көшені қамқорлыққа алған мекеме тазалықтың сақталуын қадағалап қана қоймай, сенбіліктер өткізгені жөн, - деді ол.

Акция барысында жыл бойы арнайы құрылған комиссия маусымдық тексерулер жүргізеді. Нәтижелері жыл сайын қала күнін мерекелеуде жария етіледі. Жеңімпаз атанған көшеге балаларға арналған ойын немесе спорттық алаңдар салынбақ.


Соңғы жаңалықтар