Семейде жыл басынан бері 80 оқушы коронавирус жұқтырды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жыл басынан бері 80 оқушы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы оқу жылы басталғалы Семейде 80 оқушыдан коронавирус табылған. Бүгінде 14 бала сауығып, 65 бала амбулаторияда ем қабылдауда. Оның ішінде 54 бала қашықтан оқып жатыр. Сонымен қатар каникул кезінде 20 оқушы вирус жұқтырған.

Кезекші сыныптарда да қауіпті дертке шалдыққандар бар. 26 баланың бесеуі жазылса, 21-і емделіп жатыр. ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен үш мектеп қашықтан оқыту форматына көшті, атап айтқанда, Шәкәрім атындағы гимназия, Озерская орта мектебі және №10 орта мектеп.

«Штаттық режимде жұмыс істеп тұрған барлық мектептерде санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар қатап сақталған. Әр сабақтан кейін кабинеттерде дезинфекциялау жүргізіледі», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Еске сала кетсек, Қазақстанның 9 өңірінде кезекші сыныпта оқитын оқушылар коронавирус жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар