+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Семейде жыл басынан бері 24 бала менингит жұқтырған

2019 жылғы 2 тамыз 19:03
Бөлісіңіз:
Семейде жыл басынан бері 24 бала менингит жұқтырған

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде 7 ай ішінде 25 адам менингит ауруын жұқтырған. Оның ішінде тек бір ғана науқас - ересек. Бұл ауру балалар арасында тез таралатын болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Семей қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Сәуле Раушанқызының және мамандардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Серозды менингит - мидың серозды қабықтарын зақымдайтын энтеровирустық ауру. Барлық вирустар белгілі бір маусымда өршиді. Тұмау және герпесвирустар күзгі-қысқы кезеңдерде көп таралса, ал энтеровирустар үшін ішек вирусы сияқты жазғы кезең тән.

Энтеровирустық инфекция көп жағдайда су мен тамақ арқылы жұғады. Негізгі клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жүректің айнуы, лоқсу. Аталған белгілер пайда болған жағдайда өз бетінше емделуге жол бермей, бірден дәрігерге көріну керек дейді мамандар.

- Вирус табылған жағдайда адамға толық диагностика жасап, емдеу қажет. Бұл жұқпалы ауру тамыз айында қатты өршиді. Осыған байланысты негізгі мақсат – бұл инфекцияның халық арасында, атап айтқанда балалар арасында өсуіне және одан әрі таралуына жол бермеу керек. Және бұл мамандар бақылауында, - деді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Динара Бексұлтанқызы.

Жұқпалы ауруды жұқтырмау үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтау керек. Жемістер мен көкөністерді мұқият жуу, қолды жуу, үй-жайды желдету. Су айдындарында және бассейндерде шомылғанда ауыз қуысына су жібермеу қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT