Семейде жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты ажырасқан

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында биыл 500-ден астам жұп шаңырақ көтерсе, 129 ерлі-зайыпты ажырасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Баян Бейсекеева мәлім етті.

Оның айтуынша, 2022 жылдың алғашқы 3 жарым айында 561 жұп отбасын құрған. Мұндай көрсеткіштің тіркелмегеніне бірнеше жыл болған.

Биыл үйленгендер санының күрт артуына коронавирус пандемиясына қатысты шектеулердің жеңілдеуі себеп болуы ықтимал.

«Жыл басынан бері 129 ерлі-зайыпты некесін бұзды. Бала туу туралы айтар болсақ, биылғы бірнеше айда 1768 нәресте дүниеге келді. Ал өткен жылы 426 неке бұзылса, жаңа туған нәресте саны – 6898-ді құраған», – деді Баян Бейсекеева.

2021 жылы тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстыруға 223 өтініш қабылданды.

Қазіргі уақытта АХАТ бөлімі ХҚО-дан бөлек, электронды үкімет порталы арқылы да жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде «Сергек» камералары маусым айында іске қосылатынын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар