Семейде жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыратын автодром екі аптаға жабылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында мамандандырылған ХҚО-дағы автодром екі аптаға жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейдегі мамандандырылған ХҚО-ның автодромында 23 ақпаннан бастап жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ол екі аптаға созылады деп күтілуде.

«Қазір автодромда магниттік датчиктер негізінде ескірген жүйе жұмыс істейді. Олар апаттық жағдайлар кезінде жиі істен шығады. Сондай-ақ қолайсыз ауа райы кезінде түрлі ақауларға тап боламыз. Жөндеу барысында магниттік датчиктер жаңа GPS-жүйесіне ауыстырылмақ. Осылайша, практикалық емтихан спутниктік сигнал арқылы өтетін болады», - дейді филиал директорының орынбасары Руслан Кибке.

Енді мұнда жүргізуші куәлігіне емтихан уақытша тапсырылмайды.

Шұғыл түрде жүргізуші куәлігін алу қажет болса, клиенттер теория емтиханын Семейде, ал көлік жүргізу емтиханын Өскеменде тапсыра алады.


Соңғы жаңалықтар