Семейде жүргізуші 2 млн теңге өтемақы төлейтін болды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде  жаяу жүргінші қағып өлтірген жүргізуші екі миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық №2 соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

2017 жылдың  қазан айында қаладағы Тәңірбергенов көшесінде «Toyota» көлігінің жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қатты жарақат салдарынан азамат ауруханада көз жұмған.  Жүргізушінің үстінен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды.  

Сот шешімімен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған жүргізуші 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан шеттетілді. Алайда талапкерлер жүргізушінің моральдық шығын өтеуін  талап етті. Сот үкімімен талап-арыз қанағаттандырылды. 

«Талапкер өз арызында еш жерде жұмыс істемейтінін және зейнетақыға күн көріп отырғанын және банкте несиесінің барын айтып шағымданды. Және жолдасы жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттары салдарынан көз жұмған. Барлығын ескере келе сот талапкердің арызын қанағаттандырды»,-делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар