Jańalyqtar
Семейде жұмысына мас болып келетін әкім қызметінен қуылды
2018 жылғы 25 шілде 00:17
Бөлісіңіз:

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдегі Озерка ауылдық округінің əкімі Бақытжан Нұғыманов қызметінен босатылды. Бұл туралы Семей қаласының əкімдігі ресми түрде мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.
Шенді тұлғаның орнынан кетуіне алкогольге әуестік себеп болған. Анықталғандай, ол ішімдікті жиі пайдаланған. Мұнымен қоймай, сол күйі қоғамдық орындарда және əкімдікте жиі төбе көсетіп отырған.
Ақыры оның бұл əрекеті облыстық Әдеп кеңесінің назарына ілікті. Нəтижесінде шаһар басшысына аталған азаматты қызметінен босатуға қатысты кеңес берілді. Қала əкімі де көп күттірмеді. Мемлекеттік қызметкердің беделіне нұқсан келтіргені үшін білдей бір ауылды басқарған басшы лауазымынан айырылып, жұмыстан қуылды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- СҚО-да былтыр 1 мыңнан астам жүргізуші мас күйде ұсталды
- Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді
- Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
-
ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды
-
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER