Семейде жұмыссыздар кәсіптік мамандықтарды игеруде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде екінші жыл қатарынан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздар кәсіптік мамандықтарға оқытылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі бағдарлама бойынша  биыл барлығы 765 адам  мамандықтарға оқытылуы қажет. Ағымдағы жыл басынан бері қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 561 адам жолданған. Олар дәнекерлеуші, электр монтаждаушысы, слесарь-сантехник, сәнгер-шаштараз, кондитер, трактор жүргізушісі мамандығында білім алып жатыр.  

Ал 2017 жылы техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауға жолданған 383 адам оқуларын нарықтағы сұранысқа ие 17 мамандық бойынша жалғастыруда. Атап айтқанда автокран жүргізушісі, кең профильді станокшы, тігінші, бульдозер жүргізушісі, электр және газбен дәнекерлеуші.

«Кәсіптік мамандықтарға оқыту, сондай-ақ қалалық бюджеттен қаржыландырылатын аймақты өркендету бағдарламасы арқылы да жүргізілуде. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде яғни, техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 26 мамандық бойынша жүргізілуде. Жылдық жоспар 765 адамды қамту. Ал екінші бағыт аясында шағын несие алуға 92 жолдама берілді», - деді Семей қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Айнұр Бураханова.  

«Бастау-Кеңесші» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан 68 адам өткен. Олар бүгінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 қатысушы 31,5 млн. теңге сомасында және 3 қатысушы «Агрокредиттік корпорация» АҚ арқылы 22,0 млн.теңге сомасында шағын несие алып,  өз ісін бастаған.

Көрнекі сурет

Соңғы жаңалықтар