Семейде жұмыссыз ауыл тұрғындары оқытылып жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейдің шалғайдағы елді мекендерінде жұмыссыз азаматтарды мобильдік білім беру орталықтары арқылы тұрғылықты жерлері бойынша оқыту жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жұмыссыздарды тұрғылықты жерлерінде оқыту Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында өткізілуде.

Ағымдағы жылы Семей қаласы бойынша  Қараөлең, Абыралы, Алғабас, Ақбұлақ және Айнабұлақ ауылдық округтерінің 70 жұмыссыз азаматын Электротехникалық колледж  мобильдік білім беру орталығы арқылы оқытатын болады. Игерілетін мамандықтар: электр және газбен дәнекерлеуші, аспаз-кондитер, күш желілері мен электр жабдықтарының монтаждаушысы, электронды есептеу машинасының операторы және аспазшы.  

Бағдарламаға қатысушылар мемлекет тарапынан тегін біліммен қатар,  айына 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы алады.

 

 

Соңғы жаңалықтар