Семейде жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейдегі Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы базасында 300 орындық инфекциялық госпиталь ашылды. Мұнда коронавирус инфекциясы және полисегментальды пневмониясы бар науқастар орналастырылады.

- Госпитальда 20 реанимациялық палата бар.​ Құрам жасақталып,​ науқастарды қабылдау басталды. Барлық қызметкерлер вакцинациядан өтіп,​ қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді, - дейді мекеме басшысы Ерлан Шәкенов.

Мұнда науқастардың кеудесін сол мезетте түсіруге арналған жылжымалы рентген аппараты да бар. Сондай-ақ өкпені жасанды желдетудің 20 және өкпені инвазивті емес желдетудің 15 аппараты қойылған. Өткен жылы диспансерде оттегі шағын зауыты құрылды. Бұл минутына 250 литр оттегі шығаратын оттегі концентраторы.

- Аурухананың әр қабатында 30 оттегі концентраторы орналасқан. Бүгінгі күні ғимаратты жуу, кварцтау және дезобөңдеу жүргізілді. Инфекциялық бақылауға сәйкес, әр қабатта науқастар үшін аса маңызды желдеткіш бар, - дейді Ерлан Шәкенов.

Сондай-ақ, Семейде барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілетін инфекциялық орталықтың құрылысы жоспарлануда.​


Соңғы жаңалықтар