Семейде жүк көлігі жасөспірімді қағып өлтірді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жүк көлігі жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 ақпанда сағат 16:40 шамасында болған. Жүк тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатқан Shasman жүк көлігінің жүргізушісі Глунки көшесінен айналма жолға шыға бергенде «Көктем» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. 16 жастағы Семей қаласының тұрғыны сол жерде көз жұмған.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Соңғы жаңалықтар