Семейде жүк көлігі қаққан 2 қыздың бірі көз жұмды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жүк көлігі қаққан 2 оқушы қыздың біреуі көз жұмды, деп хабарлайды хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыр халде ауруханаға жеткізілген қыздың бірін аман алып қалу мүмкін болмады. 12 жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

«Өкінішке орай, жарақаты өте ауыр болды»,-дейді қалалық Балалар ауруханасының дәрігері Раушан Құсайынқызы.

Қазір ақ халаттылар  екінші баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Қаржаубайұлы көшесінде жүк көлігі 7-сыныптың екі қызын қағып кеткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар