Семейде жүк көлігі 2 оқушыны қағып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жүк көлігі 2 оқушыны қағып кетті. Ауыр жарақат алған 7 сыныптың қос оқушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін сағат 14.00-де Қаржаубайұлы көшесінде болған. 12 жастағы қыздар жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден өтіп кетпекші болған.  Алайда қатты жылдамдықпен келе жатқан 49 жастағы көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, қос қызды қағып кеткен. Қазір  қыздар жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.  

«Екі оқушының да жарақаты ауыр.  Олардың біреуінің бас сүйгі сынып, миына қатты соққы тиген. Ал екінші қыздың да бас сүйегіне қатты зақым келген.  Миы шайқалып, басқа да жерлері сынған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр», -деді  Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының аға дәрігері Армангүл Смағұлова.

Семей қалалық ІІБ-ның ақпаратына қарағанда, бұл факті бойынша қазір жүргізуші үстінен  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша  іс қозғалған.  Тергеу жұмыстары басталып,  тиісті сараптамалар тағайындалған.

Айта кетейік, көлік апаты болған жерде жылдамдықты 40 км/с-ға дейін төмендету талабы бар. Себебі, жолдың жиегінде № 3-ші мектеп орналасқан.

null 

 

Соңғы жаңалықтар