Семейде ЖОО ғимаратындағы өрт сөндірілді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласының өрт сөндірушілері жоғары оқу орнындағы өрт кезінде кітапхана ғимараты мен мұрағатты алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өртті сөндіруге қаланың 50-ден астам өрт сөндірушісі мен 14 техника жұмылдырылды. Жалын 1987 жылы салынған, үш қабатты жоғары оқу орны ғимаратының бір бөлмесін, дәріс залын шарпыды.

Өрт сөндірушілер 8 сағат 30 минутта 150 шаршы метр алаңдағы өртті толығымен сөндірді.

Оқиғаның шығу себебін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт кезінде ғимаратта ешкім болған жоқ.

«ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрттің тұтануына себеп болуы мүмкін кемшіліктерді жою керек. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет»,-делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған дейін Семейдегі ЖОО-лардың бірінің ғимараты өртеніп жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар