Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Семейде жолаушылар мінген автобус аударылып қалды

2018 жылғы 15 ақпан 14:00 926
Бөлісіңіз:
Семейде жолаушылар мінген автобус аударылып қалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде №56 жолаушылар автобусы жылдамдықты арттыру салдарынан аударылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Оралда мотоцикл автокөлікпен соқтығысып, екі адам жарақат алды Кубада апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының «қара жәшігі» табылды

Оқиға түсте «Көлік базары» аумағында болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус жүргізушісі қиылыстан өтіп кетпекші болған , алайда бұрылып үлгермеген, соның салдарынан автобус жолдың жағасына шығып кетіп, жолаушылармен бірге аударылған.

Апаттың салдарынан 9 адам зардап шеккен. Құрбан болғандар жоқ.

Автобус жолаушылары жүргізушіге бірнеше рет ескерту жасаған.

«Есуас жүргізуші», - деді жолаушылардың бірі автобустан шығып жатып.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушілер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат