Семейде жол жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлінді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында жол жөндеу жұмыстарына 1,3 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұрлан Серғазинов ағымдағы жөндеу жұмыстарына 157,5 млн теңге жұмсалғанын, ал қала көшелерін орташа жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінгенін айтты.

«Бүгінде барлық жұмыстар аяқталды. Жалпы ауданы 15 мың шаршы метрді құрайтын 3 көше жөнделді. Қаланың 16 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Абайдың 175 жылдығы аясында «Семей-Қарауыл» жолы жөнделді. Көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қолға алынған. Атап айтқанда, Селевин мен Глинка көшелерінің бойы жарықтандырылды», - деді ол.

Нұрлан Серғазиновтың айтуынша, бұдан бөлек Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Боранбай би, Строительная, Карменова, Глинка, Цементная, Рыскұлов, Абай, Дулатов сынды бұрын асфальт болмаған көшелерді орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінген.


Соңғы жаңалықтар