Семейде жол бойындағы ағаштар неге кесіліп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Көлік және автомобиль жолдары бөлімі Глинка көшесінде ағаштардың кесілуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Таңертең әлеуметтік желілерде Глинка көшесінің бойындағы бөлу жолағында ағаштардың кесіліп жатқаны туралы видео тарады. Бұл жағдайға жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов түсінік берді.

– Біз жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Глинка көшесінен Промышленная көшесіне дейінгі жолда жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Жұмыс барысында ағаштар кесіліп жатыр. Бұл жөндеу жұмысына 155 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Жолды кеңейту жоспарланған. ТКШ бөлімі ағашты кесуге рұқсат берді. Мердігер «Гордорстрой» ЖШС 170 кесілген ағаштың орнына 1700 ағаш отырғызуы тиіс, – деді Серікқали Жұманов.

Қазіргі уақытта ағаш кесу жұмыстары рұқсат алынғанға дейін уақытша тоқтатылды.

1700 ағаш қаланың қай жерінде отырғызылатыны әлі белгісіз


Соңғы жаңалықтар