Семейде жоғары оқу орындарының бірінің ғимараты өртеніп жатыр

Фото: None
СЕМЕЙ.ҚазАқпарат - Семей қаласының 50-ден астам өрт сөндірушісі жоғары оқу орнының ғимаратынан шыққан өрттті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жалын 1987 жылы салынған, үш қабатты ғимараттың шамамен 150 шаршы метр аумағын шарпыды.

Өрт 8.05 сағатта оқшауланды. Оқиға орнында 50-ден астам өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан.

Газ түтінінен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеп жатыр. Өртті толық сөндіргеннен кейін болған оқиғаның себебін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайтын болады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрттің шығуына себеп болуы мүмкін кемшіліктерді дер кезінде қалыпқа келтіру керек. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар