Семейде жоғалып кеткен 2 баланың анасы Украинадан табылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында іс-түссіз жоғалып кеткен Елена Свиридова табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты «RINA. KZ-Семей» еріктілер қозғалысының жетекшісі Евгения Павел растады. Еленаның өзі туыстарына хабарласып, Украинаның Одесса қаласында екенін айтқан. Бірақ ол жаққа не себепті кеткені әлі белгісіз.

Айта кетейік, Елена Свиридова 2 желтоқсан күні достарымен кездесуге кетіп, содан қайтып үйіне оралмаған еді. 

Соңғы жаңалықтар